Заң мен Тәртіп • 03 Маусым, 2025
Жаңа заңға бір жыл толады: тұрмыстық зорлық тыйылды ма?
2024 жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды заңға қол қойды. 16 маусымнан бастап күшіне енген бұл құжат елдегі отбасылық зорлық-зомбылықпен күресте жаңа кезеңнің бастауы болды. Енді жеңіл дене жарақаты мен ұрып-соғу әрекеттері тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке жатады. Жаңа заңның шеңберінде агрессорға қатысты бұрын болмаған шектеулер: үйден уақытша шығару, алкогольден тыйым салу, міндетті психокоррекциялық курстардан өту сынды шаралар енгізілді. Еркектер неге айрандай ұйып отырған отбасының шырқын бұзып, сүйіп қосылған жарына озбырлық көрсетеді? Тұрмыстық зорлық-зомбылық не себептен туындайды? Жаңа заң қабылданған бір жылға жуық уақыттың ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық қаншалықты азайды? Egemen.kz тілшісі журналистік зерттеу жүргізіп көрді.
Оқиға • 03 Маусым, 2025
Мемлекеттік кеңесші «Орталық Азия – Қытай» форумына қатысты
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. Ауқымды шараны ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
Ертіс орманына найзағай түсіп, өрт шықты
Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен. Өрт сөндіруге 150 адам мен 46 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Маусым, 2025
Павлодарда 6 жасар бала балконнан құлап көз жұмды
Павлодар қаласында қайғылы оқиға тіркелді. 2019 жылы туған бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті. Полиция биіктен құлау дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2025
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.