Үкімет • 03 Маусым, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Саясат • 03 Маусым, 2025
Әріптестікті әлеуеттендіруге ниетті
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келген Оман Сұлтандығының қаржы министрі Сұлтан бен Сәлім Әл Хабсимен кездесті.
Мәдениет • 03 Маусым, 2025
Алматыда Қытай Ұлттық музейі жауһарларының көрмесі өтеді
5 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қытай мәдениетінің інжу-маржандарына арналған бірегей көрме ашылады. «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты бұл көрмеде Қытайдың ХХ–ХХI ғасырдағы белгілі суретшілерінің 50-ге жуық туындысы көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 03 Маусым, 2025
Балалардың жазғы демалысын жүйелі ұйымдастыру – аға буынға сын. Оқушылар оқу жылы аяқталысымен жазғы демалысқа асығады. Демалыстың төресі тамылжыған табиғат аясы, балығы тайдай тулаған ақ айдын, сыбдырлаған жапырақтары дала күйін шертіп жатқан ну орман.
Балалар • 03 Маусым, 2025
Тегін үйірменің түйткілі шешіледі
Мемлекет жыл сайын балалардың шығармашылық үйірмесіне, спорт секцияларына, қосымша білім бағдарламаларына қатысуын қаржыландыру үшін миллиардтаған қаражат бөліп келеді. Бұл – балалардың жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік. Алайда игі бастаманың көлеңкелі жағы да бар.