Қаржы • 03 Маусым, 2025
Трансферттерді айқындаудың әдістемесі әзірленеді
Елдегі біраз өңір республикалық бюджет есебінен күн көріп отыр. Былтыр донор деп танылған Атырау облысы, Астана және Алматы қаласынан мемлекет қазынасына жалпы сомасы 470 млрд теңге түскен. Ал аймақтарға бөлінетін субвенция 5,3 трлн-нан аса теңгені құраған. Айырмашылық ауқымы ашып айтпаса да, түсінікті. Мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында талқыланды.
Үкімет • 03 Маусым, 2025
Қалаларды дамытудың алуан мәселесі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда қалалар мен елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз ету мәселелері, нақты айтқанда, олардың инфрақұрылымымен тиімді жоспарлау тетіктері талқыланды.
Президент • 03 Маусым, 2025
Тарих тағылымы бірлік пен жауапкершілікке үндейді
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды. Президент саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Аймақтар • 03 Маусым, 2025
«Самұрық-Қазынаның» Қызылорданың мәдени келбетіне қосқан үлесі
Қызылордада жаңа заманауи тарихи-мәдени орталық ашылды. Жоба серіктестері – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры, Қызылорда облысының әкімдігі. Жаңа мәдени нысан – өңір тұрғындарына жасалған сый әрі аймақтың мәдени, туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.
Тағзым • 03 Маусым, 2025
«Тар заманда тарпаң болып туған ұл...»
Өткен жұма күні Қызылжар қаласында аса ірі саяси қайраткер Смағұл Садуақасұлының 125 жылдығына арналған «С.Садуақасұлының қайраткерлік тұлғасы және жастарды отаншылдыққа баулу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.