Қоғам • 26 Маусым, 2025
2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Сөйтіп, мемлекетіміз қоғамның барлық мүшесіне тең мүмкіндікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қатысты кемсітушілік жағдайларды жоюға міндеттеме алды.
Сұхбат • 26 Маусым, 2025
Еренғайып Омаров: «Қазақ өркениеті» ғылыми бағыт ретінде дами береді
Әлемде жаһандану үстемдік құрған кезеңде сыртқы ортаның әсері қандай да бір елдің мәдениетіне, руханиятына кері ықпалын тигізбей қоймайды. Дәл осындай өтпелі кезеңде дамып келе жатқан қазақ еліне төл өркениеті дем беретіні анық. Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Еренғайып Омаровпен «Қазақ өркениеті» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелестік.
Қаржы • 26 Маусым, 2025
Астана мен Алматының айырбастау пункттері валюталарды сатып алу-сату бойынша доллар, еуро және рубльдің орташа сараланған бағамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 26 Маусым, 2025
Студенттердің де қорғаушысы бар
Орталық коммуникациялар орталығында «Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудегі студенттік омбудсмендердің рөлі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Тоқтар Болысов, Республикалық студенттік омбудсмен Ұлан Наукен қатысты.
Шаруашылық • 26 Маусым, 2025
Өзекті түйткілдерді тарқатуға уағдаласты
Ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Қырғызстан жұмыс тобының II отырысы өтті. Жиынға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов пен Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің орынбасары Самат Насирдинов тең төрағалық жасады.