Қоғам • 26 Маусым, 2025
Тарихы терең, табиғаты көркем әйгілі Қарқара жайлауында 100 шақты қазақ үй тігіліп, 100-ге таяу күбі пісіліп, ұлттық салт-дәстүріміз әспеттеліп, ән-күйіміз қалықтаған «Қымызмұрындық–2025» халықаралық фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласы соңғы бірнеше жылдың бедерінде түрлене түсті. Маңайдағы Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен облыс орталығының қатарына қосылып, қала аумағы айтарлықтай кеңіді. Нәтижесінде, тұрғындардың саны артты. Тиісінше, Таразда «Жібек жолы», «Әулиеата» аудандары құрылды.
Пікір • 26 Маусым, 2025
Тәңірім адам-пенде қарекетіне жаратсын, қиналмай қарпып ішіп-жесін деп, жердің асты-үстіне мол қазынаны берген-ақ қой. Ақиқатына келсек, сол байлықтың кейбірінің түбі көріне бастағаны рас. Бізде ғана емес, төрткүл дүниеде де.
Ғалам ғажаптары • 26 Маусым, 2025
Қазіргі фастфуд индустриясының негізін қалаған «White Castle» компаниясы 1921 жылы ашылып, гамбургерлер дайындай бастады. Олар жаңа әрі тосын тағамға тұтынушыларды тарту мақсатында бүгінге дейін қолданылатын бірнеше әдісті пайдаланды.
Ғалам ғажаптары • 26 Маусым, 2025
Бір суреттің ішінде дәл сол суретті кішірейтіп қайталау әдісін Дросте эффектісі деп атайды. Бұл атау «Droste`s cacao» брендімен байланысты.