Аймақтар • 25 Маусым, 2018
19 жасында майдан даласына аттанған жас сарбаз туған жерімен қайта қауыша алмады. Құспанғали Боранбаев сол кездегі Гурьев облысы, Теңіз ауданы Қызылту колхозынан 1941 жылы соғысқа алынып, 28-ші атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан еді. 1942 жылы Ресейдің Новгород облысы Парфинский ауданы маңында ерлікпен қаза тапты. Осылай бір ғұмыр қыршынынан қиылды. Бір отаудың оты жағылмады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Маңғыстауда ардагерлерге арналған «Жеңіс есімдері» акциясы өтті
Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Маңғыстау облысының Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл ардагерлерін құрметтеп «Жеңіс есімдері» акциясына белсенді түрде атсалысты.
Әлем • 25 Маусым, 2018
Астанада Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшілігі үйінде Өзбекстан Президентінің жанындағы өкіл Дилмурод Касимов қазақстандық кәсіпкерлермен және журналистермен жүздесіп, өз еліндегі бизнес пен экономиканың дамуы, соның ішінде шетелдік кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Қазақстан • 25 Маусым, 2018
Үздік журналистер марапатталды
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізетін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсын қорытындылап, мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттаған журналистерді марапаттады.
Аймақтар • 25 Маусым, 2018
Қарағандыда Астана қаласының күндері өтті
Елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған «Астана қаласының күндері» атты ауқымды іс-шара аясында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бастаған делегация Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды. Қонақтар алдымен Теміртау қаласына аялдап, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығын аралап көрді.