Аймақтар • 22 Маусым, 2017
Рухани жаңғыру– санадағы сілкініс
С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асырудың өзекті мәселелерін ортаға салған жиын өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдерімен қатар өңірге арнайы сапармен келген Қазақстан Жазушылар одағының делегация мүшелері де қатысты.
Үкімет • 22 Маусым, 2017
Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті
Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен бірқатар кездесулер өткізді, деп жазады primeminister.kz.
Президент • 22 Маусым, 2017
Елбасы «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпаздарымен кездесті
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Маусым, 2017
ОҚО-да үш жылда 500-дей елді мекенге көгілдір отын жеткізіледі
Оңтүстікте биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтілуде. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 млрд теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Қызылжар газ тарату стансасының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.
Аймақтар • 22 Маусым, 2017
Өскемендік оқушы 136 балл жинады
Шығыс Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу 20-24 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған. Облыстық білім басқармасының ұсынған мәліметтеріне жүгінсек, биыл өңірде 8989 оқушы мектеп бітіріп, оның 7000-ға жуығы ҰБТ тапсыруға тілек білдірген көрінеді.