Әлем • 25 Шілде, 2022
АҚШ Таяу Шығыс пен Тынық мұхиты елдеріне «жорыққа» шықты. Өткен аптада Джо Байден Израиль, Палестина, Сауд арабиясына ат басын тіресе, АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Милли таяуда Индонезияға келді. Сапар барысында өңірдегі қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселе көтерілді.
Спорт • 25 Шілде, 2022
Қазақстандықтар ТМД құрамасы сапында қатысып еді
Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 25 шілдесінде Испанияның Барселона қаласында XXV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада 169 мемлекеттен келген 9 356 саңлақ сайысқа түсіп, олар 32 спорт түрі бойынша 257 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың ашылу салтанаты Каталониядағы Монтжуик жотасында орналасқан, қыршынынан қиылған ірі саяси тұлға Льюис Компанистің есімі берілген ғаламат олимпиадалық стадионда өтті.
Спорт • 25 Шілде, 2022
«Президент кубогы» – Сафиуллинге бұйырды
Елордадағы Ұлттық теннис орталығының жазғы хард корттарында ATP Challenger Tour және ITF Women’s World Tennis Tour сериясына енетін дәстүрлі «Президент кубогы» жарысы аяқталды. Еліміздің ең үздік теннисшілері мен әлемдік рейтингте алғашқы 200-орында тұрған шетелдік спортшылар шеберлік байқасты.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Алматыда тұрғындарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды
Тендерде ұтып беремін деп алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2022
Бестөбе алтын кен орнында тағы бір адамның мәйіті табылды
Ақмола облысында Бестөбе алтын кенішіндегі шахтадан алтынды заңсыз іздеумен айналысқан тағы бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.