Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Кеше Үкімет үйінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының төртінші бағыты «Біртектілік пен бірлік» бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Абаттандыру ережесін бұзған астаналық кәсіпкерлер айыпқа тартылды
Жыл басынан ҚР ӘҚК-нің 505 бабы бойынша 800-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі: дәмханалар, мейрамханалар, сауда үйлері мен сұлулық салондарының қожайындары жауапкершілікке тартылды.
Технология • 19 Шілде, 2017
Ескі көліктерді жою бойынша 119 жеңілдік сертификаты берілді
Ескі көліктерді жоюға өткізіп, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын беретін бағдарлама басталғаннан бері (2017 жылдың 26 маусым мен 18 шілде аралығында) ӨКМ Операторы 119 жеңілдік сертификатын берді.
Білім • 19 Шілде, 2017
«Жас Өркен» бағдарламасының алғашқы кезеңінен 222 үміткер өтті
«Самұрық-Қазына» қоры «Самұрық-Қазына» Корпоративтік Университетімен бірлесе отырып «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына байқау жариялаған болатын. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру 3 сәуірден 3 шілдеге дейін жалғасты. Байқауды ұйымдастырушылар бағдарламаны таныстыру мақсатында Қазақстан бойынша 30 дан астам ЖОО-да кездесулер өткізді.
Әлем • 19 Шілде, 2017
Ирактың сенімді өкілі: «Мосулды азат ету – адамзаттың жеңісі»
Мосул қаласының азат етілуіне орай Ирактың Қазақстандағы сенімді өкілі Юнус Салим Сархан баспасөз жиынын өткізді. Журналистермен кездесу барысында Юнус Салим шаһарды қайтарып алу арқылы ИЛИМ (ДАИШ) содырларының тамырына балта шабылғанын мәлімдеді.