Тағайындау • 19 Шілде, 2019
Арман Жұмабеков ҰЭМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Шілде, 2019
Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
2019 жылдың І жартыжылдығында Азаматтарға арналған үкімет арқылы 15 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл туралы Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтып берді, деп хабарлады primeminister.kz.
Технология • 19 Шілде, 2019
mGov жаңартылған мобильді қосымшасы биыл тамыз айында іске қосылады
Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов биыл тамыз айында mGov жаңартылған мобильді қосымшасын енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Мобильді қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімі апта сайын жаңартылатын болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 19 Шілде, 2019
Арыстанғани Заппаров ІІМ орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Өкімімен Арыстанғани Расылханұлы Заппаров Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 19 Шілде, 2019
Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.