Күрес • 21 Шілде, 2025
Қазақ балуандары 7 жүлде жеңіп алды
Венгрияның бас шаһары Будапештте күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі өтті. Қазақ балуандары 2 күміс және 5 қола медаль еншіледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Шілде, 2025
Тау бөктерінен заңсыз нысандар сүрілді
Соңғы жылдары Алматыда заңды белінен басып, құжатсыз, рұқсатсыз салынған үйлер мен ғимараттар кезегімен сүріліп жатқаны көпшілікке мәлім. Енді міне, сот шешімімен «Таулы Қырат» ӨК 2767 және 2768 учаскеде құрылысы аяқталмаған екі үй бұзылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Шілде, 2025
Курорттық аймақтарға қырын қараған лауазымды тұлғалар жазаланды
Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына туризм және спорт, көлік, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау министрліктерінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары кірді. 10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Шілде, 2025
Алматының жаңадан тағайындалған бас дәрігері Марат Пашимов туралы не білеміз?
Марат Орынбасарұлы Пашимов қала әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Саржалдың қымызы – саңлақ қымыз
Елімізде бұрын-соңды болмаған BaiQymyz гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz