Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 21 шілде күндіз Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метереологиялық жағдай қалыптасады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 21 Шілде, 2025
Атырауда Лотос фестивалі өтеді
Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Теңіз ауылында 26 шілдеде ерекше мәдени шара – «Lotus Fest-2025» халықаралық фестивалі өтеді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы мәлімдеді. Фестиваль Каспий жағалауындағы аймақтың табиғи байлығы мен ерекшелігін әлемге танытып, Атырауды туризм орталығы ретінде дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2025
Қазақстандықтар жеті айда 2 трлн теңгеден астам зейнетақы алған
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 98,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Шілде, 2025
Президент Қ.Тоқаев Бельгия Королін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 21 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қазақ тілін үйретеді
Бүгінде технологияның қарыштап дамуы білім беру саласында да жаңа өзгерістерге жетелеуде. Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы тіл үйрену әлемдік трендке айналып отыр және бұл үрдіс қазақ тілі үшін де өте маңызды. Қазақ тілін үйренушілер үшін ыңғайлы әрі тиімді шешімдер қажет. Әсіресе, қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерушілер, шетелдегі қандастарымыз, қала тұрғындары мен жастар үшін заманауи әдіс маңызды. Осы тұрғыда, TilQazyna жобасы тіл үйрету әдістемесін цифрлық деңгейге көтеретін алғашқы кешенді шешімдердің бірі болары сөзсіз. Ана тіліміздің аясын кеңейтуге арналған жоба жайында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай айтып берді, деп жазады Egemen.kz.