Үкімет • 11 Шілде, 2018
Үкімет отырысы. Экономикалық тұрақтылық – ілгерілеуге бастар жол
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы талқыланып, 2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Шомылу маусымындағы шошытарлық ахуал. Өткен демалыс күндері 20 адам суға кетті
Міне, жаздың орта шеніне жетпей шомылу маусымында ажалы судан болғандар туралы ақпараттар легі дүңк-дүңк естіле бастады. Айталық, өткен аптаның демалыс күндерінде елімізде 20 адам суға кетті.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Баспаналы болудың жаңа мүмкіндігі. «7 – 20 – 25» бағдарламасы нақты жүзеге асырыла бастады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыратын «7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірлеуді ұсынғаны мәлім. Содан беріде бағдарламаның жөн-жобасы әзірленіп, заңнамалық қолдау механизмдері бекітілді. Осылайша нақты іске асырыла бастаған бағдарлама бойынша банктер де алғашқы несиелерін беруге кірісті. Сонымен аталған жоба аясында кімнің қандай мүмкіндігі бар?
Әлем • 10 Шілде, 2018
Кембридж университеті қазақ әдебиетінің антологиясын аударады
9 шілде күні Ұлыбританияда еліміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Кембридж университетінің баспасы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес қазіргі заманғы қазақстандық әдебиет антологиясын ағылшын тіліне аудару, басып шығару және тарату жобасы жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан • 10 Шілде, 2018
Үкімет басшысы: 8 өңірде ғана жатақхана беруге қол жеткізілген
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кейбір өңірде мүлдем қолға алынбаған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.