Аймақтар • 14 Шілде, 2017
Оңтүстік Қазақстан жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінен көш бастады
Оңтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30348 жұмыс орны ашылған. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша күнгей еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұр. Ал ашылған жаңа жұмыс орындарына 4127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасыпты. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары хабарлады.
Президент • 14 Шілде, 2017
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 14 Шілде, 2017
Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады
«Қазгидромет орталығының» хабарлауынша, Астанада алдағы үш күн жаңбырлы болады және ауа қысымы төмендейді деп күтілуде.
Театр • 14 Шілде, 2017
Астанада ЭКСПО-2017 симфониялық рекорды орнатылады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. Іс-шара «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.