Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Ілім іздеу мен білім алу – көркем әдебиеттің алтын ғасыры өтіп кетті деп жылы жауып қоюға немесе ендігілер оқымайды деп құр байбалам салуға бағынбайды. Өзінің оқымайтындығын техника дәуірімен байланыстыратындардікі де әшейін сылтау ғана. Қанша заман өтсе де кітаптың адам үшін маңызы кемімек емес.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
ОҚО диқандары Ресейге 51 мың тонна қауын-қарбыз экспорттаған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығаруда. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
Астанада ЭКСПО-2017 аясында Атырау облысының мәдениет күндері өтеді
16 шілдеде Астанада Атырау облысының мәдени күндері басталады. Елорда тұрғындары мен қонақтары мұнайлы аймақтың шығармашылық әлеуетін көрсететін кең көлемді мәдени бағдарламасына куә болады.
Кино • 12 Шілде, 2017
Астанада «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылған отандық фильмдер көрсетіледі
22-23 шілде күндері Астанада XIII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Қазақстанда, Орталық Азияда және түркітілдес елдерде прокатқа 2017 жылдың 1 қазанынан кейін шыққан және «Тұлпар» жүлдесіне ұсынған фильмдер көрсетіледі. Бұл туралы Фестивальдің дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында XIII «Еуразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нұғыман хабарлады.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Жамбылда Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Оған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының және қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, сонымен қатар аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.