Аймақтар • 21 Шілде, 2020
Елордада стационарға пневмониямен түсетін науқастар саны 33% азайды
Қабылданған карантин шаралары мен емханаларда амбулаториялық емдеу күшейтілгендіктен, стационарға пневмониямен түсетін науқастар саны 33% (1348-ден 903-ке дейін) азайды. Бұл туралы Үкімет отырысында қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.
Қазақстан • 21 Шілде, 2020
Қазақстанда А-5 санаты бойынша инвесторларға виза берудің шарттары өзгерді
Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті инвесторлық виза алуға өтініш беру мерзімін elicense.kz портал арқылы электрондық түрде құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күніне дейін қысқартты. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 21 Шілде, 2020
Келесі оқу жылынан бастап "Әліппе" мен "Ана тілін" оқытылады
2021 оқу жылында бірінші сынып оқушылары "Сауат ашу" пәнінің орнына "Әліппе" мен "Ана тілін" оқитын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі асхат Аймағамбетов жазды,- деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Параолимпиадалық спортшы халықаралық сыйақыға үміткер
Қазақстандық параолимпиадалық спортшы Әлия Раева айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгені және қоғамның дамуына зор үлес қосқаны үшін Герман Гмайнердің халықаралық сыйақысына тағайындалып, соңғы дауыс беру кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 21 Шілде, 2020
889 мыңнан астам қазақстандық "42 500 теңге" біржолғы төлемін алды
21 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1,5 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 121 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz