Әлем • 30 Шілде, 2025
Неолит дәуіріндегі ескерткіштер табылды
Сардиния аралындағы Бонорва қаласы маңындағы Сант-Андреа-Приу археологиялық кешенінен археологтар Домус-де-Янас деп аталатын үш жаңа жер асты қабірін тапты. Бұл – шамамен б.з.д. V-III мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген неолит дәуіріндегі қауымдардың жартасқа үңгіп жасаған ерекше жерлеу орындары.
Әлем • 30 Шілде, 2025
ChatGPT-ге оқыту режімі енгізілді
OpenAI компаниясы ChatGPT жүйесіне оқыту режімін іске қосты. Бұл мүмкіндік студенттерге дайын жауап берудің орнына, ойлануға, сұрақтың мәнін түсінуге, дұрыс шешім табуға көмектесуді мақсат етеді. Енді ЖИ бірден жауапты айтпайды керісінше, пайдаланушыны бірнеше кезеңмен ойлау, нақтылау сұрақтарын қою және шешімді өз сөзімен түсіндіруге бағыттайды, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Шілде, 2025
Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі
Бүгін Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Түркияда орман өрттерінен жүздеген нысанға зақым келген
Соңғы екі ай ішінде Түркияның 13 аймағында болған орман өрттері 407 тұрғын үйді, 17 коммерциялық ғимаратты және 96 шаруашылық құрылымды толығымен жойып жіберген немесе айтарлықтай зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Спорт • 30 Шілде, 2025
Қазақстан семсершілері әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап ұлттық семсерлесу құрамаларында шетелдік жаттықтырушылар мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Осы жылдар ішінде қазақстандық семсершілер бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.