Аймақтар • 12 Шілде, 2025
Жергілікті үздік тауар өндірушілер анықталды
Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл –бір өнім» көрме-конкурсының жеңімпаздары анықталды. «Қазақстанның үздік тауары» атағына тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және химия саласы бойынша қатысқан 30-ға жуық жергілікті кәсіпорын арасынан үздік деп танылған тоғызы жыл соңында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды. Мұнымен бір кезде «Бір ауыл –бір өнім» конкурсына қатысқан 52 тауар өндіруші арасынан 10 кәсіпкер жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 12 Шілде, 2025
Жұбайының келісімінсіз алынған несие жойылуы мүмкін
Елімізде банктер мен микроқаржы ұйымдары жұбайының келісімінсіз рәсімделген тұтынушылық несиелерді немесе микрокредиттерді жоюға міндетті болады. Егер мұндай қарыз отбасы мүддесі үшін алынбағаны дәлелденсе, қаржы ұйымы несие келісімшартын жарамсыз деп тануға тиіс. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 12 Шілде, 2025
Ұлттық банк: Елдің сыртқы қарызы көп емес
Елдің сыртқы қарызы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 170,5 миллиард доллар болған. Бұл ұрын-соңды болмаған жағдай. Шамамен 88,4 триллион теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2025
Атырауда шетелдіктер көкөніс теріп жүр
Атырау облысында көкөніс пен бақша дақылдарын жинау науқаны басталды. Биыл бұл жұмысқа 501 шетелдік маусымдық жұмысшы тартылған. Бұл туралы Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Шілде, 2025
Абайдың 180 жылдығына орай жаңа ғылыми еңбек жарық көрді
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы хакім Абайдың 180 жылдығына орай көлемді ғылыми еңбек әзірлеп, жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.