Білім • 12 Шілде, 2025
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында Жібек жолы елдерінің Аграрлық білім және ғылым саласындағы инновациялар альянсының құрылғанына 10 жыл толуына орай, дәстүрлі X жиналысы және ШЫҰ мемлекеттерінің Ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының IV форумы өтті.
Ғылым • 12 Шілде, 2025
Қазақстанда түсті металлургия саласында халықаралық деңгейде маңызы зор жаңа ғылыми жоба жүзеге асты. Металлургия және кен байыту институтының ғалымдары кондициялық емес, яғни бұрын жарамсыз деп есептелген шикізаттан селен мен сирек кездесетін бағалы металдарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі экономикалық жағынан тиімді жолмен қайта өңдеудің тың технологиясын жасап шығарды. Бұл – ғылым мен өндіріс арасындағы үйлесімді байланыстың айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар еліміздің ресурстық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды ғылыми қадам.
Тарих • 12 Шілде, 2025
Көне карталарда – қазақ мемлекеттілігі
Тарихты сезіну, тереңіне бойлау, одан ұлт дамуы дерегін іздеу – қоғамдық сананың жоғары деңгейі. Өткенді біліп, бүгін мен болашақты бағдарлауға білім мен білік керек. Бізде Қазақстан тарихын карта арқылы зерттейтін мамандар тапшы. Сондай отандық санаулы ғалымның бірі – Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, PhD, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. Ол мемлекетіміздің көне карталарда жан-жақты бейнеленуі тарихи-географиялық айғақ екенін алғаш болып дәлелдеді. Ғалым пәнаралық сала аясында тарих, саясаттану, география, лингвистика бағыттарын ұштастырып, табысты зерттеу жүргізіп келеді.
Қоғам • 12 Шілде, 2025
Әлеуметтік зәрулік әрқашан назарда
Өңірлерді аралап жүрген сенаторлар ауыл-аймақтағы жол, ауызсу, маман тапшылығы секілді мәселелер әлі де шешімін таппай отырғанын айтады.
Сенат • 12 Шілде, 2025
Сенаттың ресми сайтында «Талдау мектебі – Школа аналитики» курсының төртінші кезеңіне қатысушылар дайындаған талдау жинағы жарық көрді.