Ауа райы • 11 Шілде, 2025
Атырауда ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі
«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облыстық филиалы ауа-райын болжау бөлімінің басшысы Айна Қазғұлованың айтуына қарағанда, шілденің екінші және үшінші онкүндігінде күрт ысиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 11 Шілде, 2025
Транзитте Орта дәліздің орны бөлек
Соңғы жылдардағы геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру ісі бірінші орынға шықты. Сондықтан Орта дәліздің мүмкіндіктерін арттыру шарасы күшейді. Сондай-ақ, таяуда Каспий теңізінің түбімен Әзербайжан мен біздің ел арасында жоғары жылдамдықты интернет-кабель тарту жұмысы басталып кетті. Сонымен қатар, Транскаспий мұнай-газ құбырын салу мүмкіндігі де зерттеліп, тиянақталып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 11 Шілде, 2025
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
16 шілде күні 15:00-де Астанадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 11 Шілде, 2025
Үкімет Ислам даму банкінен 1,1 млрд доллар несие алады
Ел үкіметі Ислам даму банкінен 1,1 миллиард доллар көлемінде несие алады. Бұл туралы бүгін премьер-министр кеңесшісі Нұрлан Байбазаров пен ИДБ президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассердің кездесуінде келісім жасап айтты, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Шілде, 2025
Алматыда 220 отбасы ескі үйлерін жаңа баспанаға ауыстырды
2025 жылдың 1 жартыжылдығында Алматыда 220 ескі тұрғын үй иесі жаңа жайлы пәтерге көшті. Қоныс аудару жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы» ӘКК еншілес ұйымы «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС мен инвесторлар «Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» аясында жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.