Қоғам • 11 Шілде, 2025
Биыл 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 92 кәсіпорын 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі белгілі болған. Аталған мәселелер бойынша анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым беріліп, 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Шілде, 2025
5 күннен бері іздестіріліп жатқан жасөспірімінің мәйіті табылды
2 шілде күні тауға барып, хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы баланың денесі бүгін сағат 07: 30-да табылды. Оның жоғалып кеткені туралы Алматы қалалық ТЖД-ға ағасы 6 шілде күні хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
Димаш дарынымен Испанияны тәнті етті
Халық әртісі Димаш Құдайберген жақында Испания жұртшылығын өнерімен тәнті етті. Оның ерекше дауысын испан бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, жылы пікірлерін аямады. Солардың ішінде елге белгілі «La Voz de Galicia» басылымы отандасымыздың өнеріне арнайы материал арнады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Алматы тұрғындары мемлекетке 2 млрд теңге қарыз
«Алматы жылу желілері» тұрғындардың жылу энергиясы үшін төлемеген миллиардтаған қарызды сот арқылы өндіріп алмақ. Осы істің барысында мүлік пен банк шоттарына, шетелге шығуға тыйым салынатын болды. Сонымен қатар қарызды толық төлемей оларға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Шілде, 2025
Ақтаудың жылу желілері жаңартылады
Мемлекет басшысының жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.