Үкімет • 11 Шілде, 2025
Елімізде 257,5 млрд цифрлық теңге айналымға шығарылған
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Суицид • 11 Шілде, 2025
Өз-өзіне қол жұмсау: құқықтық баға
Әлемнің қырық елінде өз-өзіне қол жұмсау қылмыс болып саналады. Ал суицидпен күрес мамандары мұны заңдастыру орынсыз деген пікірде. Өйткені мұндай әрекетке баратын адамдарды жазалау емес, қолдау қажет дейді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Он жасар баланы иттен құтқарған азаматқа құрмет көрсетілді
Осыдан он шақты күн бұрын Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевті иттер талап, бала ауыр жарақат алғаны белгілі. Оқиға орнына құзырлы органдар келгенше дер кезінде жеткен ауыл тұрғыны Серікбек Сақайбаев өміріне төнген қауіпті елемей, итке қарсы тұрып, оны бейтараптандырып, баланы өлім аузынан арашалап қалды. Бұл – нағыз азаматтық батылдық пен шынайы ерліктің үлгісі, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 11 Шілде, 2025
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі У.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізіп, ел өңірлері бойынша жерасты суларының мол қорын анықтады. Ғалымдар әзірлеген Қазақстанның гидрогеологиялық карталарының атласында көрсетілген жер қойнауындағы су қорын күнделікті тұрмыс пен ауыл шаруашылығында тиімді пайдалануға болады.
Музей • 11 Шілде, 2025
Елордадағы жалғыз Минералогиялық музей – табиғаттың ғажайып сырларын ашатын ерекше орын. Оның негізін қалаушы – Қазақстанның еңбек сіңірген геологі Олжабай Исмаилов. Оның жеке жинағынан бастау алған бұл мұра бүгінде еліміздің геология саласындағы ең құнды экспозицияның біріне айналды.