Білім • 11 Шілде, 2025
Докторантураға құжат қабылдайды
Кешеден, яғни 3 шілдеден докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды. Бұл алдағы 3 тамызға дейін жалғасады. Емтихан 4–20 тамыз аралығында өтеді.
Жасанды интеллект • 11 Шілде, 2025
Жасанды интеллект қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы. Бұл салада алпауыт мемлекеттер ілгері қадам жасап, технологиялық үстемдікке ұмтылып жатқаны белгілі. Елімізде де ЖИ-ге қатысты нақты әрі жүйелі бастамалар көтеріліп жатыр. Мемлекеттік деңгейде институционалдық негіз қаланып, ұзақмерзімді стратегия әзірленді. Алайда жасанды интеллект бәрін жасайды деген шындық па, қиял ма? Оны қай салада қалай пайдалану керек?
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
Балет әлеміндегі бірегей бастама
5-6 шілдеде «Астана Балет» театрының сахнасында көптен күткен «Carmina Вurana» балет-кантатасының – хор, оркестр және балет труппасы алғаш рет бір сахнада тоғысқан бірегей жобаның тұсаукесері өтті.
Театр • 11 Шілде, 2025
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының 34-маусымы өз мәресіне жетті. Театр маусымы дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» қойылымымен жабылды. Суретші Қанат Мақсұтов сахналық сұлбасын сызған спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков, хормейстері – Амантай Жұмашев.
Отбасы • 11 Шілде, 2025
Ағайын арасы неге алшақтап барады?
Осыдан бірер жыл бұрын Нұрман көкем қалаға көшіп келді. Қуанысып қалдық. Қоныстой жақсы өтті. Барыс-келіс көбейді. Ауылдағы у-шуға үйреніп қалған көкем қаладағы өлі тыныштыққа көндіге алмайды. Ауылда ғой, таңертең малын өргізе жүріп, өзі қатарластарымен әжік-күжік әңгіме шертіп жадырап қалатын ол қаланың тас қамалына үйренісе алмай жүрді.