Туризм • 11 Шілде, 2025
Биыл Жасыбай демалыс аймағында 54 демалыс базасы мен 11 дәмхана жұмыс істеп тұр. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жағажайға біраз өзгеріс енгізілді.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Балқаштың брендіне айналған фестиваль
Дәстүрлі «Balkhash Tour Fest» фестивалі Балқаштың брендіне айналып келеді. Өңірдің туристік әлеуетін көрсететін бұл жолғы фестиваль су спорты, ұлттық дәстүрлер, волонтерлік жобалар, экологиялық акциялар, мәдени қойылымдар, кәсіпкерлік бастамалармен ерекшеленді. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен биыл үшінші мәрте ұйымдастырылған айтулы іс-шараға 50 мыңға жуық адам жиналды.
Спорт • 11 Шілде, 2025
Дүниежүзілік универсиада өтеді
16 шілдеде Германияда XXXII жазғы Дүниежүзілік универсиаданың алауы тұтанады. Бәсекелер Рейн-Рур аймағындағы Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалалары мен ел астанасы – Берлинде өтеді. 12 тәулікке созылатын жарыс барысында спорттың 18 түрінен 234 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Спорт • 11 Шілде, 2025
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында үстел теннисінен «United States Smash» турнирі аяқталды. Кіл мықтылар бас қосқан жарыста еліміздің бірінші ракеткасы Кирилл Герасименко өнер көрсетті. Бастапқы бәсекелерде бельгиялық Мартин Аллегру (3:1) мен гонконгтық Хо Кван Киді (3:2) қапы қалдырған жерлесіміз үшінші кездесуінде аустриялық Дэниел Хабесонға (1:3) есе жіберді.
Спорт • 11 Шілде, 2025
17-20 шілде аралығында Мажарстан астанасында Поляк Имре мен Варга Яностың мемориалы өтеді. Рейтингтік турнирде еліміздің 12 еркін күрес шебері өнер көрсетеді.