Спорт • 11 Шілде, 2025
Қонаев қаласында ашық суда жүзуден өткен халықаралық «Oceanman Kazakhstan – 2025» турнирі өз мәресіне жетті. Қапшағай суқоймасы аумағында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің түрлі елінен 2000-нан астам спортшы қатысып, бес түрлі қашықтық бойынша бақ сынасты.
Тарих • 11 Шілде, 2025
Жас тарихшылардың еларалық жиыны
Таяуда Түркияның астанасы Анкарада Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих қоғамы жоғары институтында «Түркі әлемі жас тарихшыларының семинарын» өткізді. Ғылыми жиын түркі елдері жас ғалымдарының ортақ тарихты зерделеудегі ынтымақтастығы мен халықаралық ізденістерін жетілдіруге арналды.
Кино • 11 Шілде, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ұйытқы болуымен түсірілген «Сабыр» қысқаметражды фильмі халықаралық аудиторияның ықыласына ие болды. Туынды «Сineshort» қысқаметражды фильмдерінің әлемдік платформасында рейтинг көшбасшыларының қатарына енді.
Ғалам ғажаптары • 11 Шілде, 2025
2012 жылы Испанияның Бурлада қаласында желаяқтар жарысы өтіп жатқан еді. Кениялық спортшы Абель Мутай мәре сызығына санаулы метр қалғанда белгілерді шатастырып, сайыс аяқталды деп ойлап, тоқтай қалады.
Таным • 11 Шілде, 2025
Бұқар жыраудың «Бағаналы орда – басты орда» толғауында «Қара түлкі қармалжық, Қас сыпайы киген жұрт» деген жолдар бар. Астаналы азат елдің мамыражай тірлігін сипаттаған осы туындыдағы қармалжық немесе қарамалжық сөзіне бұрын мән бермеппіз.