Туризм • 10 Шілде, 2025
Қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Jibek Joly 5.0» туристік пойызының жаңа маусымы басталады. 6 күнге созылатын сапар барысында жолаушылар Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы бағытымен жүріп өтеді. Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихи, мәдени орындармен танысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Шілде, 2025
Тайвань соғысқа дайындалып жатыр
Сәрсенбі күні Тайвань аумағында жыл сайын өтетін «Хань Куанг» әскери жаттығулары басталды. Биылғы оқу-жаттығу 10 күнге созылады. Бұл әдеттегіден екі есе ұзақ мерзім. Оған 20 мыңнан астам резервист пен азаматтық тұлғалар тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Шілде, 2025
АЭС 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды
Қазақстанның энергетикалық болашағы туралы пікірталастардың өзегінде Атом электр станциясының (АЭС) құрылысы тұр. Бірі оны экологияға төнген қауіп деп санаса, енді бірі елдің энергетикалық дербестігіне жасалған стратегиялық қадам деп бағалайды. Бұл ретте Egemen.kz тілшісі ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сауал жолдап, станцияны кім салады, жобаның құны қандай, экология мен қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі деген бірқатар өзекті сауалдарға нақты жауап алды.
Теннис • 10 Шілде, 2025
Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты
Отандасымыз, теннисші Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Шілде, 2025
Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылды ма? Полиция жауап берді (видео)
9 шілде күні қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өткен еді. Сот залында П.Қайрат тергеу изоляторы қызметкерлері тарапынан соққыға жығылғанын айтқан болатын. Бүгін Астана қалалық полициясы күдіктінің мәлімдемесіне жауап беріп, оқиға болды делінген күннің бейнежазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.