Тұлға • 10 Шілде, 2025
Жыр алыбы Жамбылдың «Менің өмірім» атты жыры тек өмірбаяндық өлең емес, ақындық кредосын айғақтап тұрғанын, әрі табиғи дарынын, тілінің поэтикалық байлығын танытады. Ол сөз өнеріне ден қойған кезеңдердегі тұрмыстық, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың қай-қайсысы да ақын тілінің найзасына ілінбей қалған жоқ. Аталған өлеңінде: «Жауларды ел қарғаған жамандадым, Манапқа жақсы сөзді таба алмадым», деген ақын: «Келгенде жеме-жемге елде қалдым, Шалшыққа шатылмадым, көлде қалдым. Шалқардың шалқып жүзген мен аққуы, Келмеді сасық, шалшық жерде қалғым», деп ұлтымен арман-аңсарының бірге екенін айқын аңғартады.
Руханият • 10 Шілде, 2025
ХХ ғасырда құндылығын жоймаған халық ауыз әдебиетінің ірі өкілі, ақын, жыршы Нұрпейіс Байғаниннің туғанына биыл 165 жыл толып отыр. Шынында да оның тұлғасы – ұлт әдебиеті тарихындағы ғажап құбылыс. Өмірі де, шығармашылығы да ерекше. Арнайы алған білімі болмаса да, ең бастысы, Ұлы даланың өмірлік, жыршылық, жыраулық өнер мектебінен өткен ол туа біткен талантымен елге танылып, ақын есімін бүкіл кеңес одағы білді.
Аймақтар • 10 Шілде, 2025
«Қазқонақты» қалай сақтап қаламыз?
Павлодар қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауында «Қазқонақ» деп аталатын бірегей табиғи ескерткіш орналасқан. Алапқа «Қазақстанның табиғи ескерткіші» мәртебесі берілгенімен, ежелгі жануарлардың қаңқасына толы палеонтологиялық жағалау жыл сайын мүжіліп, көз алдымызда құрып барады.
«Таза Қазақстан» • 10 Шілде, 2025
«Таза Қазақстан» жобасы, «Таза бейсенбі» экоакциясы аясында «Amanat» партиясының мүшелері Қарасай ауданындағы Шамалған өзенінің маңындағы аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
«Таза Қазақстан» • 10 Шілде, 2025
Орнықты жоспар өрісті кеңейтті
Бүгінде Сырға сырттан келгендердің дені ең алдымен көшеден шашылып жатқан қоқыс көрмегенін сөз етеді. Тек облыс орталығы ғана емес, аудандар мен ауылдарда да айналасын таза ұстауға талпынғандардың қатары көбейген. Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі «Үлгілі елді мекен» жобасы да өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға дем берген бастама болды.