Аймақтар • 10 Шілде, 2025
Биылғы алғашқы алты айда Қарағанды өңірі жаңғыру мен жаңару үрдісінің жаңа сатысына көтерілді. Өнеркәсіптегі өсім, агрокешендегі нәтижелер, инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардағы серпінді өзгерістер, кәсіпкерліктің жаңа тынысы – бәрі-бәрі маңызды көрсеткіштерге айналып отыр. «Saryarqa» телеарнасының тікелей эфирінде елге есеп берген өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Тұлға • 10 Шілде, 2025
Ғұмырын еліне, тіліне, ұлтына адал қызмет етуге арнаған тұлғалардың бірі – өнегелі өмірімен, кесек болмысымен, терең парасатымен, салмақты сөзімен, өрелі ісімен елге сыйлы болған арда азамат Ерғали Мұхиддинов. Оның әрбір сөзі шынның жүзі, өмір жолының әр белесі тағылымға толы.
Жәдігер • 10 Шілде, 2025
Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының 2005 жылғы түлектері қазақ әдебиеті классигі атындағы музейдің ашылуына ұйытқы болды.
Өнер • 10 Шілде, 2025
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығының ұйытқы болуымен «Әулиеата әуендері» жобасының үздіктері сахна төріне көтеріліп, гала-концерт қойды. «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі «Жеңіс» саябағында өткен думанды кешке тараздық өнерсүйер қауым көп жиналды.
Байқау • 10 Шілде, 2025
Қытайдың Чунцин қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері халықаралық кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биылғы фестивальға қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынып, негізгі «Алтын камелия» байқау бағдарламасына қатысты.