Оқиға • 09 Шілде, 2025
Қапшағайда әйел депутаттың көз алдында суға батып кетті
Алматы облысы, Қонаев қаласына қарасты Қапшағай су қоймасының жағажайында қайғылы жағдай орын алды. Оқиға кезінде жағажайда құтқарушылар да, бейнебақылау камералары да, медициналық пункт те болмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
COVID-19-дың жаңа түрі таралып жатыр
Англияда коронавирус инфекциясының жаңа түрлері – Stratus XFG және XFG.3 штаммдары анықталып, ауру жұқтырудың 30 пайызын құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап.
Шаруашылық • 09 Шілде, 2025
Суармалы жерлердің ауқымы ұлғаяды
Президенттің 2023 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігіне су үнемдеу технологияларын енгізуге арналған инвестициялық салымдар кезінде су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау және шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларын беру туралы шешім қабылдады. Тұтастай алғанда, қабылданған функциялар суару кезінде су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен шаруалардың су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Шілде, 2025
Отандық он екі кәсіпорынның өнімі халықаралық көрмеге ұсынылды
Кеше Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Шілде, 2025
Францияның оңтүстігінде орман отқа оранды
Францияның оңтүстігінде басталған жойқын орман өрті екінші ірі қала Марсельге таяп қалған. Апат салдарынан теміржол қозғалысы тоқтап, қаланың халықаралық әуежайы уақытша жабылған, деп хабарлайды Egemen.kz BFMTV және France24 телеарналарына сілтеме жасап.