Мереке • 09 Шілде, 2025
9 шілде - Су шаруашылығы қызметкерлері күні
Бүгін, 9 шілде күні елімізде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап су саласы мамандарының мәртебесін арттыруға ерекше назар аударып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Шілде, 2025
Ауыл шаруашылығындағы ауқымды өзгеріс
Еліміздің мал шаруашылығы саласы 2025 жылдың алғашқы жартысында жоғары өсім көрсетіп, құрылымдық әрі технологиялық өзгерістер кезеңіне қадам басты. Мал басының көбеюі, өнім көлемінің артуы, жеңілдетілген несие бағдарламалары мен цифрлық шешімдердің енгізілуі агросекторды сапалық жаңа деңгейге шығарып отыр. Үкімет пайдаланылмай жатқан 11 млн гектар жайылымды халыққа қайтарып, фермерлерге экспортқа бағдарланған өндірісті кеңейтуге жол ашты.
Заң мен Тәртіп • 09 Шілде, 2025
Әділ қоғамның өлшемі – заңды құрметтеу
Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты – елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты тетігі. Өкінішке қарай, заңды белінен басып, өзгенің құқығына қол сұққысы келетіндер әлі де бар. Әділетті қоғам орнату жолында мұндай келеңсіздікпен үздіксіз күрес жүргізіле беруге тиіс.
Заң мен Тәртіп • 09 Шілде, 2025
Ғалымдар судьяларға қалай көмектесе алады?
Сот тәжірибесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында құқық саласындағы отандық тәуелсіз сарапшылар биыл бірінші рет күш біріктіріп, «Сот төрелігі қызметіндегі ғылым» жобасын бастаған еді. Әлбетте, сот практикасын жетілдіруде ғылымның үлесі орасан. Дегенмен үлкен жүктемемен жұмыс істейтін соттарға кейде ғылымға жүгінуге, дұрыс шешім қабылдауға уақыт та, мүмкіндік те жетпей жатады. Мұндайда заңгер-ғалымдардың көмегі құқықтық теориялар арқылы соттарға бағыт бере отырып заңды әрі әділетті шешім шығаруға жол ашады.
Аймақтар • 09 Шілде, 2025
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейтілді
Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын күшейтуге Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, Көліктік бақылау инспекциясы мен Полиция департаментінің мамандары жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.