Мирас • 09 Шілде, 2025
Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ішіндегі құнды экспонаттардың бірі – Кенесары ханның қылышы. Музейге қайқы қылышты ханның немересі Алашорда қозғалысының мүшесі Әзімхан Кенесарин тапсырған.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Болгарияның Пазарджик қаласында бадминтоннан «Victor Bulgaria Junior Challenge 2025» турнирі аяқталды. Әлемнің 25 елінен спортшылар қатысқан жарыста еліміздің жасөспірімдер құрамасы екі жүлдеге ие болды. Жұптық сайыста Диана Наменова мен Алиса Кулешова қола медаль иеленсе, Арнұр Тәпішев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде дәл сол межеден көрінді.
Спорт • 09 Шілде, 2025
АҚШ-та өткен «The Ultimate Fighter» (TUF) реалити-шоуында қазақ ұланы Әліби Ыдырыс (11-0) өзбекстандық Фуркатбек Екубовпен (15-4) айқасты. Әйгілі Чейл Соннен командасында жаттығатын «Belarusian Fight Championship» промуошенінің алтын белбеуінің иегерін ұту қандасымызға көп қиындық туғызған жоқ. Барлық төреші Әлібидің мықтылығын бірауыздан мойындады.
Бокс • 09 Шілде, 2025
Астанада өткен «World Boxing» турнирі аясындағы әлем кубогін еліміздің құрамасы осындай нәтижемен қорытындылады. 30 маусым – 6 шілде аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында көрігі қызған жарыста 30 елден келген 300-ге жуық боксшы бақ сынасты. Нәтижесінде, еліміздің құрамасы 16 салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді. Ерлеріміз 5 алтын, 1 күміс, 2 қола, қыздарымыз 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Финалдық сайыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанкүйерлермен бірге тамашалады.
Спорт • 09 Шілде, 2025
Екі балуанымыз – алғашқы ондықта
Жақында газетімізде «Әбиба жаһандық рейтингтің көш басында!» (27.06. 2025 жылы) атты мақала жарық көрді. Онда әйелдер дзюдосы жайында біраз әңгіме қозғаған едік. Бүгін ерлердің жай-күйін тілге тиек етпекпіз.