Университет • 29 Шілде, 2025
Абай университеті 3500 ден астам студентке жатақханадан орын береді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жаңа оқу жылына дайындық аясында білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында «Ахуалдық орталық» жұмысы 7 шілдеден басталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Шілде, 2025
Зияткерлік бәйгенің жеңімпаздары
Қазір әлемде халықаралық деңгейдегі беделді 7 олимпиада бар. Олар математика, физика, химия, информатика, география, лингвистика, биология пәндерінен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады. Өткен аптада озат оқушыларымыз осы білім бәйгелерінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты.
Білім • 29 Шілде, 2025
Еліміздегі 245 мектеп кешенді реновациядан өтеді
Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда заманауи бірыңғай мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған кең ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Алдағы үш жыл ішінде еліміз бойынша 1231 мектеп жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Шілде, 2025
Жамбылдағы мұраны Жапонияда зерттейді
Жапон ғалымдары Жамбыл жеріне ат басын бұрып, археологиялық қазбаға кірісті. Еліміздің белгілі академиктерімен бірлесе жұмыс істеуге бекінген олар Бүйрекбастау-Бұлақ тұрағын зерттеуге ниеттеніп отыр екен. Біздің заманымызға дейінгі 16 мың жыл бұрынғы тарихты аршуға бел буған ғалымдар зерделеу жұмысын тұрақтың топырақ қабатын зерттеуден бастамақ.
Зерде • 29 Шілде, 2025
1969 жыл. ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен сол бір күз әлі көз алдымда. Сонда біздің курсымызда қарағандылық қыз-жігіттердің қарасы өте көп болды. Олар Әбусаттар Тұрғанбеков, Аманжол Қанафин, Жүрсін Ерманов, Тілеуғабыл Байтұрсынов, Самат Жүнісов, Сәулебек Жәмкенов, Клара Хамзина еді. Ойлап отырып таңғаламын, сол кездегі республика астанасындағы басқа ұлттың басымдығынан ба, жоқ әлде бұрыннан қанымызда бар қазақы қасиетімізден бе, әйтеуір алғаш танысқаннан бастап-ақ бәріміз бір-бірімізді жатырқамай өте ұйымшыл, ынтымақшыл болып кеттік. Жоғарыдағы жандардың көбі әскерге барып, одан қалса өндіріс пен шаруашылықта жұмыс істеп келіп оқуға түскен азаматтар-тын. Сондықтан олардың университетке мектеп қабырғасынан кейін бірден топ ете түскен біз секілді 12 оқушыға үйретері аз болған жоқ.