Спорт • 05 Шілде, 2025
Білікті бапкер Мадияр Құрамысов жаттықтыратын еліміздің ұлттық құрамасы Түркияның Коджаэли қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті.
Елорда • 05 Шілде, 2025
Әлеуметтің әлеуеті артқан шаһар
«Бағаналы орда, басты орданың» әлеуметтік ахуалы қандай? Балаларының келешегін елорданың ертеңімен қатар өрбітуге ұмтылғандар көбейіп, мұнда қоныс аударушылар саны да артып келеді. Сол тұрғыда Астананың әлеуметтік ахуалы тұрғындардың тұрмысы жақсарғанда ғана нығаятыны анық.
Елорда • 05 Шілде, 2025
Астана – ел айнасы. Оның тазалығы мен көркемдігі бүкіл елдің мәдениеті мен тәртібін көрсетеді. Сол тұрғыда қала әкімдігі тазалық пен абаттандыруға ерекше көңіл бөліп келеді.
Елорда • 05 Шілде, 2025
Елорданың игілікті инфрақұрылымы
Астана еліміздің бас қаласы ретінде қалыптасу мен дамудың сан түрлі оқиғаларға, тағылымды іс-шараларға толы тағдырлы жолын еңсеріп үлгерді. Осы кезеңде қаланың аумағы төрт есеге, салынған тұрғын үй көлемі жиырма есеге жуық ұлғайып, халық саны төрт еседен астам өсті. Нақтырақ айтқанда, Астана тұрғындарының саны былтыр 1 520 756 адамды құрады. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай қала халқының саны 2,5 миллион адам болады.
Сұхбат • 05 Шілде, 2025
Шежіре сөйлеп, қоңыр үн күмбірлейді
Шіліңгір шілденің алғашқы жексенбісінде тойланатын Ұлттық домбыра күні бүгінде дәстүрлі мерекеге айналды. Еске салсақ, атаулы күн 2018 жылы ресми бекітілген еді. Бұл игі бастама кең қолдау тауып, мектептерде домбыра үйрену сабақтарын енгізу ұсынылды. Мереке қарсаңында «Dombyra» ұлттық телеарнасының директоры Қанат Ержігітпен әңгіме-дүкен құрдық.