Көрме • 05 Шілде, 2025
Елордада Астана күніне орай фотожурналист, өлкетанушы Нұрмұхаммат Имамовтың «Менің Астанам: өткеннен болашаққа» атты фотокөрмесі ашылды. Президент орталығы, «Қалалық туризмді дамыту орталығы» қауымдастығының, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының, Астана гидтері клубының және Н.Имамовтың отбасының қолдауымен ұйымдастырылған көрме Астана қаласының көрнекі мұрасын сақтауға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, кең аудиторияны шынайы деректі фотографиямен таныстырады.
Руханият • 05 Шілде, 2025
Азат ел мен айбынды Астананың жөні бөлек. Әуелде азаттық деп, атасы хан Абылайдың жолы деп отарлаушыларға қарсы ұлт азаттық соғыс ашқан Кенесары хан алғаш Ақмола бекінісін алғаны белгілі. Ел еркіндігін аяқасты еткен отрядтардың жолын кесуді Қараөткелде бастап, Атбасар мен Қорғалжын тұсынан шабуылдап, Ақмолада қанға бөктіргенін тарих аңыз етеді.
Мереке • 05 Шілде, 2025
«Домбырам – екі ішекті, бетің қақпақ»
2018 жылы 13 маусымда «Ұлттық домбыра күні» мемлекеттік деңгейде бекігені ел мерейін өсірді. Ғасырлар бойы халықпен бір жасап келген қастерлі аспапқа құрмет ешқашан бәсеңдеген емес. Бүгінде ұлттық мереке халықтық сипат алғанын байқау қиын емес. Жер-жерде домбыра күні өз мәнінде аталып өтіп жатқанын көреміз. Халықтың махаббаты мен ықыласы ерекше. Көпшілікті ортақ ниетке, ауызбірлікке бастайтын атаулы күн өркениеттіліктің белесі деуге негіз бар.
Өнер • 05 Шілде, 2025
Ұлттық аспап туралы сөз қозғала қалса, Мұңлық пен Зарлық туралы аңыз сананы сілкілеп, ойыңды онға бөліп, жүрек пен жүйке тамырларын шырқырата түсетіні сөзсіз. Қос ішектен төгілген күй көңіл пернесін дөп басқанда, толқымайтын, шалқымайтын адам кемде-кем шығар. Ханға қаралы хабарды естірткен қасиетті аспаптың құдіретін сезінбеу әсте мүмкін емес. Кетбұғаның «Ақсақ құланынан» жеткен үн жүрегіңді жұлқылай түсетіні де даусыз.
Білім • 05 Шілде, 2025
Кәсіпкер егіз қыздардың жұбын жазбай, арман мектебіне бірге оқуға түсуге көмектесті
Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім сыйлап, әлемнің үздік жоғары оқу орындарына дайындайтын IQanat High School of Burabay мектебіне оқуға түсуді мақсат етті. Дегенмен, іріктеуден өту оңай болған жоқ: IQanat Олимпиадасына 50 мың бала қатысса, биыл олардың тек 250-і ғана грант иеленді, деп жазады Egemen.kz.