Қоғам • 05 Шілде, 2025
Біз жастарымыздың талабына қарап, ел болашағын айқындаймыз. Алдымызда қаншама мақсат-міндет тұр. Осыны орындауда жас буынға үміт артамыз. Сондай жігерлі жастың бірі – тіл маманы, Мәскеуде шыққан «Казахский язык. Самоучитель» (2018) оқу құралының авторы Кәмшат Шахатова еді... Тағдырдың жазуымен болашаққа елеулі жоспар құрып жүрген осы филолог қырық күн бұрын ауыр науқастан бақиға озды.
Егемен Қазақстан • 05 Шілде, 2025
«Егемен» журналистері – байқау жеңімпаздары
Астана күні қарсаңында елорданың қалыптасуы мен дамуы, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени тыныс-тіршілігін тынбай жазып, жүйелі насихаттап келе жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін бірқатар дәстүрлі байқаудың қорытындысы жарияланды.
Елорда • 05 Шілде, 2025
Астана күні қарсаңында елордада коммуналдық сала қызметкерлеріне арналған ерекше нысан ашылды. Абай даңғылы мен А.Янушкевич көшесі қиылысынан орын тепкен «Коммуналдық қызметкерлер аллеясы» тұрғындардың көзайымына айналды десе де болғандай.
Өнер • 05 Шілде, 2025
Кейіпкеріміз Александр Шорбан қос ішекті домбырамен сырласқанды ұнатады. Бүгінде жан серігін қолына алған. Көңілі теңіздің ақбас толқындары тәрізді аласапыран. Сағыныш күйі. Кір жуып, кіндік кескен топырағына деген перзенттік пейіл.
Таным • 05 Шілде, 2025
Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Төлеген мен Жібектің некесі қиылған соң махаббат нышаны ретінде айдында жүзіп жүрген аққуларды көрсететін эпизод бар. Бірақ сезімтал тіршілік иелері бір-біріне жақындамай, екі жаққа жүзіп, түсірілім тобын біраз әбігерге салған.