Кәсіпкер • 04 Шілде, 2025
Кәсіпкерлерге жағажайды күтіп ұстау міндеттелді
Жаз маусымында Қапшағай көліне шомылуға келетін туристер саны еселей түседі. Оларға сапалы қызмет көрсетуде кәсіпкерлерге қойылатын талап та жоғары. Мәселен, Қонаев қаласындағы №6 жағажайда 40 бизнес орны жалға берілген. Сенімгерлік басқарушы компания мен кәсіпкерлер арасында келісімшарт жасалып, олардың міндеттемелері айқындалған. Алайда, тұрғындар мен қала қонақтары тарапынан күтіп ұстау мен санитарлық жағдайға байланысты көптеген сұрақтар туындауда. Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 04 Шілде, 2025
Бүгін жартылай финалға жолдама алған боксшылар анықталады
Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алған боксшылар толықтай анықталады және жартылай финалдық алғашқы жұптар арасындағы бәсекелерді тамашалаймыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 04 Шілде, 2025
Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына өтті
Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Шілде, 2025
Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды
Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүшеелдердің мемлекет басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Шілде, 2025
Түркістан облысында 13 каналға реконструкция жасалды
Облыстың Түлкібас ауданында жалпы ұзындығы 108,7 шақырым болатын каналдың 76,3 шақырымы бетондалса, 32,4 шақырымына механикалық тазарту жүргізілген. Реконструкциялау нәтижесінде 8 632 гектар егіс алқабы қайта игеріліп отыр, аудандағы жалпы суармалы алқап көлемі 16 832 гектарға жетеді. Облысқа жұмыс сапары барысында сала министрі Нұржан Нұржігітов жасалған жұмыстардың нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.