Digital • 04 Шілде, 2025
Осы күні елордамыз тек әкімшілік немесе мәдени орталық қана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар мен жасанды интеллектіге негізделген инновациялар алаңына айналды. Ал аталған бағыттағы бастамалардың өзегі – «Astana Hub». Бәсеке табалдырығын 2018 жылы аттаған бұл алғырлар ордасы – бүгінде Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық технопарктың бірегейі.
Президент • 04 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Ауызсудың әлегі: Өңірде 40 ауыл ауызсумен қамтылмаған, 129 елді мекенге кестемен беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді 100% таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Жасанды интеллект • 04 Шілде, 2025
«Reuters» агенттігінің зерттеуінше, 2024 жылы әлемде жарияланған жаңалықтың 8,5 миллионын жасанды интеллект жазған. Ал адамдардың 72 пайызы тек алгоритм ұсынған контентті тұтынады екен. Бұл – медиадағы адамның рөлін алгоритмдердің біртіндеп алмастырып жатқанын көрсетеді. Алайда мәселе тек ақпаратпен шектелмейді. Бүгінде ЖИ диагноз қояды, несие беру-бермеуді шешеді, көлікті өзі жүргізеді, тіпті адам бейнесін тірілтіп, онымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Яғни жасанды интеллект көмекші құрал ғана емес, адам орнына шешім қабылдайтын жүйеге айналып барады.
Ғылым • 04 Шілде, 2025
Ғылым – елдің интеллектуалдық қуатын айқындайтын басты сала. Кейінгі жылдары ғылымды қолдау бағытында бірқатар құрылымдық қадамдар жасалып келеді. Алайда саланың дамуына кедергі келтіріп тұрған жүйелік мәселелер де жоқ емес. Қағазбастылық, басқару сапасы, маман тапшылығы, құралдардың жетіспеуі мен шешім қабылдау үдерістерінің ашық еместігі – ғалымдарды алаңдататын өзекті жайттардың қатарында.