Заң мен Тәртіп • 04 Шілде, 2025
Жоғарғы соттың жарты жылдағы жұмысы
Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот органының кеңейтілген отырысын өткізіп, 2025 жылдың бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады. Іс-шараға Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов қатысты.
Сенат • 04 Шілде, 2025
Сенат төрағасы Жамбыл жұртшылығымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысының мәслихат депутаттарымен және жергілікті жұртшылықпен кездесті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мәселелері және өңірлердің әлеуетін арттыруға ықпал ету бағытында мәслихаттармен бірлескен жұмыстың жаңа басымдықтары талқыланды. Палата спикері облыс аудандарына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен де танысты. Сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік орындары мен Тараздағы облыстық әлеуметтік оңалту орталығында болды.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Әлеуметтік инспекторлардың нәтижелі қызметі
Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен қатар, 2023 жылы елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды бақылау жұмыстарын жүзеге асыру, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.
Ең қысқа әңгіме • 04 Шілде, 2025
Юрий Никулинмен қалай кездестік?
Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.
Білім • 04 Шілде, 2025
«eGov.kz» порталында колледждерге құжат қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылған. Өтініш беру жүйесіне жаңа функция қосылып, оқу орнын жылдам таңдап, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.