Сатира • 04 Шілде, 2025
Күй оркестрі қырық адамнан құрылған. Тартар күйдің аты – «Жасампаздық». Яғни күйіміздің мән-мағынасына – еліміздің ерлеп, өркен жаюы, қоғамымыздың бірден-бір даңғыл жолға түсіп, ілгері озып, ел-жұрт «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» замандағы күй кешуі арқау болған. Дирижердің демеуімен күйіміз баяу ғана күмбірлей кетті.
Тағзым • 04 Шілде, 2025
Әуезов шығармашылығы ұлықталды
Амстердам қаласында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдарының қазақ және түркі әлемін зерттеуге қатысты еңбектерін таныстыруға арналған «Түркі халықтары әдебиетін зерттеу» атты конференция өтті. Аталған іс-шараны Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі мен «Юнус Эмре институты» түрік мәдениеті орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Жетпіс жеті жастағы белесебетші
Бұл ақсақалмен кездейсоқ таныстық. Әкеден ерте қалған. Сол бала күнінде-ақ анасынан және үш бауырынан айырылған.
Қылмыс • 03 Шілде, 2025
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бір отбасы мүшелерін кепілге алып, аса қатыгездікпен екі адамды өлтірген қылмыскерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Шілде, 2025
Жасанды жүрекпен өмір сүріп жүрген науқастың тізе буыны алмастырылды
Мұны отандық медицина тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға десек те болады. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері 64 жастағы пациентке тізе буынына толық ревизиялық эндопротездеу отасын сәтті жасап шықты. Бұл жағдайдың ерекшелігі - науқасқа жүрек қызметін қолдайтын құрылғы орнатылған, яғни ол жасанды жүрекпен өмір сүріп жүрген болатын, деп жазады Egemen.kz.