Әскер • 03 Шілде, 2025
Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толады
2025 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығына орай 35-десанттық-шабуылдау бригадасының базасында салтанатты шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 03 Шілде, 2025
Докторантураға құжат қабылдау басталды
Бүгін, 3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысу үшін өтініш қабылдау басталды. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді. Өтініштер 3 тамызға дейін қабылданады, ал емтихан 4–20 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы Премьер-министрді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 03 Шілде, 2025
АҚШ-тың үздік хирургтары Алматыға келді
2 шілде күні Алматыдағы халықаралық биофармацевтикалық AstraZeneca компаниясының алаңында Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия жобасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 03 Шілде, 2025
Алматыда ірі көлемде пара берген үш шенеунік ұсталды
Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде пара алу және беру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.