Зерде • 03 Шілде, 2025
...1971 жылдың 26 наурызы. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында «Қазақ КСР-нің 50 жылдығына» арналған ақындар жыр кеші болмақ. И.В.Сталиннің қанды «культінен» арылып, «Культ әдебиетке ғана жарасады» (Я.Смеляков) деп жүрген кезіміз.
Тұлға • 03 Шілде, 2025
Шалқарда көтерілген дүлей толқын
Қапал аудандық мектеп-интернатының 6-сыныбында оқып жүргенімде апай бізге көлемі мектеп оқушысының дәптеріндей ғана «Доп» деген кітапты әкеп көрсетті. Әрине, балаларға арналған түрлі түсті суретті дүние бірден назарымызды аударып, қызықтырды. Жоғары жағында «Өтепберген Ақыпбеков» деп жазылып тұр. Ақыпбеков деген фамилия бірден көкейімде сайрап қоя берді. Өйткені бізден бір сынып жоғары оқитын Алтай деген бала бар еді, оның да тегі – Ақыпбеков. Парақтай бастадық, міне, қызық, ішіндегі «Алтай» деген тақырып елең еткізді. Шағын өлеңнің тұсына кекілі қайырылған ұлдың суреті салыныпты. Одан «Мынау сен туралы ма?» деп сұраймыз, ол «Иә», дейді күлмің қағып. Біз оған таңдана қараймыз. Сөйтсек, ол Өтекеңе іні етіп берген ақынның туған жиені, үлкен әпкесінің баласы екен.
Руханият • 03 Шілде, 2025
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы ұтымды бастама, уақтылы қолдау арқасында Үкімет қаулысымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітіліп, Тұран даласында руханият тойы салтанат құрды. Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, арнаулы дата енгізудегі басты мақсатты айқындап берді: «Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады».
Оқиға • 03 Шілде, 2025
Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға батып кеткен
Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы 12 адам суға кеткен, оның ішінде бір жасөспірім бар. Бұл туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бақыт Абланов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Шілде, 2025
Балалар қауіпсіздігі – тұтас қоғамның міндеті
Жылда қайталанып отыратын жазатайым жағдай бар. Бұл – балалардың терезеден құлап кетуі. Осы оқыс оқиғадан әсіресе қалалық елді мекендердің балалары көп зардап шегеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, министрліктің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына жыл басынан бері елімізде 91 баланың терезеден құлап кеткені туралы ақпарат келіп түскен. Оның 9-ы оқиға орнында көз жұмса, 82-сі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті.