Қоғам • 03 Шілде, 2025
Әлеуметтік аз қорғалған отбасы саны қашан азаяды?
Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қамқорлық жасау – орнықты даму мен әлеуметтік әділеттілікке ұмтылған кез келген елдің бұлжымас ұстанымы. Кейінгі жылдары елімізде кедейлікпен күресу, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Соған қарамастан көмекке зәру отбасылардың саны әлі де азаймай отыр.
Өндіріс • 03 Шілде, 2025
Кәсіпорын мүмкіндігі артып келеді
Заман талабына сай бейімделу, өнім түрлерін көбейту, материалдық-техникалық базаны жақсарту «Целингормаштың» екінші тынысын ашты. Кәсіпорынның негізгі қызметі – машина жасау. Арнайы техникаларға қажетті әртүрлі бөлшекті, қалыптан тыс құрылғыларды дайындайды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2025
Қоқыс өңдейтін зауыт жобасы неге аяқсыз қалды?
Шамамен бір жарым жыл бұрын жергілікті БАҚ германиялық «AMK Global GmbH» компаниясы Тараз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуден өткізетін зауыт салуға ниетті екенін сүйіншілеп жазды. Бұл мәселенің оңынан шешілуіне мүдделі болғандықтан шығар, өңір басшысы Ербол Қарашөкеев те едел-жедел іске араласты. «ThiemeBieg & Associates GmbH» консорциумының бас директоры Тиме Торстенмен кездесуде аталған жобаны жүзеге асыру мәселесі талқыланғаны туралы ақпарат тараған.
Экономика • 03 Шілде, 2025
Транзиттік бағыттар әртараптандырылады
Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Әсіресе Орта дәліздің өзектілігі күшейе түсті. Жақында Каспий теңізінің түбімен Қазақстан мен Әзербайжан арасында жоғары жылдамдықты интернет-кабель тарту жұмыстары басталды. Сонымен бірге, Транскаспий мұнай-газ құбырын салу мүмкіндігі де зерделеніп жатыр.
Заң мен Тәртіп • 03 Шілде, 2025
Кассациялық соттар жұмысы басталды
1 шілдеден бастап елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Жоғары Сот кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов мәлімдеді.