Экономика • 02 Шілде, 2025
«Қазақмыс» корпорациясы Қарағандыда тау-кен металлургия саласына оңтайлы шешім әзірлеуге және қолданысқа енгізуге арналған алаң – R&D-орталығын іске қосты. Ол «КазГидроМедь» компаниясының базасында құрылды. Орталықтың тұсаукесеріне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ ірі тау-кен өндіруші компаниялар мен зерттеу институттарының өкілдері қатысты.
Оқиға • 02 Шілде, 2025
Оралда заңсыз несие берушілер ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласында лицензиясыз микроқаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Шілде, 2025
Елімізде колледждерге арналған ақпараттық карта жасалып жатыр
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы техникалық және кәсіптік білім беру саласына арналған ақпараттық картаны әзірлеу үстінде. Бұл платформа еліміздегі колледждер туралы маңызды және жаңартылған мәліметтерді цифрлық карта түрінде жинақтап, қолданушыға қолайлы форматта ұсынуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 02 Шілде, 2025
Ерлан Айтмұхамбет: Ұлттық зерттеу қатерден сақтандыруға көмектеседі
Елімізде жасөспірімдер арасындағы суицид ең өткір әрі күрделі әлеуметтік мәселе болып тұр. Жұрт мұның басты себебі – мектептегі буллинг, тұрмыс тауқыметі мен зорлық-зомбылық деңгейі жоғары бейнеойындар деп есептейді. Алайда «Bilim foundation» қорының басшысы Ерлан Айтмұхамбет бұл мәселенің өзегі тереңде екенін айтады. Тоғыз жылдан бері осы бағытта зерттеу жүргізіп келе жатқан білікті маманмен сұхбаттасудың сәті түсті. Үкіметтік емес ұйым өкілі суицидтік мінез-құлыққа әсер ететін нақты факторлар мен қайғылы жағдайлардың алдын алуда атқарылып жатқан жұмысымен бөлісті.
Аймақтар • 02 Шілде, 2025
Алматы облысының бірқатар ауылында учаскелік инспекторлар әлі күнге дейін бейімделмеген ғимараттарда жұмыс істеп жүргені алқалы жиынның негізгі тақырыбына айналды. Өңірдің халық тығыз қоныстанған Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында осы жылы ашылуға тиіс 10 учаскелік полиция пунктінің құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбеген.