Мәдениет • 28 Шілде, 2025
Әйгерім Алтынбек CLIP 2025 байқауының абсолютті жеңімпазы атанды
Опера әншісі Әйгерім Алтынбектің CLIP 2025 (Concorso Lirico Internazionale di Portofino) XI халықаралық опера байқауында бағы жанды. Жас әнші жай ғана жеңіске жеткен жоқ. Оандасымыз байқаудың негізгі номинацияларынан өтіп, абсолютті жеңімпаз атанды. Байқаудың бірінші жүлдесін, көрермендер сыйлығын, «Үздік әйел дауысы» үшін сыйлық пен музыка сыншысы, арт-директор және оқытушы Карло Майер сыйлығына қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
Арнаулы ұйымдарда тамақтану нормалары өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Арнаулы әлеуметтiк қызметтер (АӘҚ) көрсететiн ұйымдарда қызмет көрсетiлетiн адамдардың табиғи тамақтану нормаларының тiзбесiне өзгертулер енгiзудi жоспарлап отыр. Басқарма басшысының «Ашық НҚА» порталында жарияланған тиісті бұйрығының жобасы – биылғы 11 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Шілде, 2025
Tesla табысы ең төмен деңгейге түсті
Tesla кейінгі онжылдықтағы ең нашар қаржылық көрсеткішін тіркеді. Компания табысы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға азайып, 22,5 млрд долларды құрады. Бұл – 2020 жылғы пандемия кезінен бергі ең үлкен құлдырау, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Шілде, 2025
Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты
Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласының кәсіпкерлері өз еркімен алкогольді сатудан бас тартты. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
NCOC компаниясынан 3,6 млрд теңге айыппұл өндірілді
Атырау облысының прокуратурасы NCOC компаниясының экология заңнамасын бұзып, шикі газды шамадан экологиялық рұқсатсыз жағу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.