Сұхбат • 26 Шілде, 2025
Мәнсия ЕСЕКЕЕВА: Экологиялық мәдениетке бетбұрыс күшейіп келеді
Жазғы уақытта жастарды еңбекке баулитын «Жасыл ел» жасағының жұмысы қыза түсті. Жыл сайын ұйымдастырылатын маусымдық жұмыста азаматтар елді көгалдандыру мен абаттандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісіне атсалысады. Осыған орай жобаның жай-жапсарын білмекке Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Мәнсия Есекеевамен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 26 Шілде, 2025
Инклюзивті кофехана көпке үлгі
Атырау облысында 26 мыңнан аса мүгедектігі бар азамат тұрады. Мүмкіндігі шектелген әр санаттағы жандардың 4 500-ден астамы – кәмелетке толмаған балалар.
Өндіріс • 26 Шілде, 2025
Cу тазартатын мембраналар өндірісі
Кері осмос технологиясы бойынша су тазарту жүйелеріне арналған спиральды мембраналарды өндіруді алғаш рет «Экотэк Инжиниринг» компаниясы Қ.Сәтбаев университетімен бірлесіп іске асыра бастады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан Membraneco жобасы су тазарту технологияларының озық әдістерін өндіріске енгізіп отыр. Жоба импортты алмастыруға негізделген әрі өнеркәсіптегі тың ғылыми бағыт ретінде дамитын болады.
Ғылым • 26 Шілде, 2025
Су – жер бетінің ғана емес, жер астындағы да тұрақтылықтың кепілі. Кейінгі онжылдықта жаһандық климаттың құбылуы мен урбанизацияның үдеуі, әсіресе құрғақ континенттерде, жерасты суларын стратегиялық ресурс деңгейіне шығарды. Сондықтан Қазақстанда жасалған «Гидрогеологиялық карталар атласы» сияқты кешенді ғылыми еңбек – елдік қана емес, аймақтық маңызы бар дереккөз.
Ғылым • 26 Шілде, 2025
Отандық ғылымның беделін биіктеткен басқосу
Әлемдегі жаратылыстану, математика, физика ғылымдарының өкілдері үшін зор маңызға ие «ISAAC-2025» конгресі мәресіне жетті. Екі жылда бір рет болатын, талай мықтының баяндамасы тыңдалатын іргелі іс-шара биыл алғаш рет Орта Азияда, соның ішінде Қазақстанда ұйымдастырылды. Бұл – біздің елімізге, төл ғылымымыз бен жоғары білім саласына үлкен мәртебе, сонымен қатар мамандарға халықаралық тәжірибе алмасуға таптырмас алаң. Өйткені мұнда талқыланатын тақырыптар тек теориялық емес, қаржы математикасы, жасанды интеллект, биология, нейрондық желілер сияқты 20-дан аса түрлі ғылыми бағытты қамтиды.