Теңге • 28 Шілде, 2025
Теңге бір күн ішінде 3,5 теңгеге нығайды
Теңге біршама нығайды, бірақ айырбастау бағамы әлі жоғары. Валюта айырбастау орындарында доллар 545-548 теңге аралығында сатылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 28 Шілде, 2025
SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады
Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасы – заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталып, әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырады. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Шілде, 2025
Таиланд пен Камбоджа қақтығысты тоқтатты
Таиланд пен Камбоджа арасындағы шекара маңындағы қақтығыс ұзаққа созылмай, тараптар бір тәуліктің ішінде атысты тоқтатуға келісім берді. Бұл туралы Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагим ресми түрде хабарлады. Келіссөздер Куала-Лумпурда өткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2025
Алакөлде емхана мен мектеп жеткілікті ме
Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында ашылады. Сонымен қатар Үшарал қаласында да 600 орындық жаңа мектеп құрылысының жобасы дайындалуда. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Шілде, 2025
Су саласы мамандарының жалақысы 50 пайызға артты
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов су шаруашылығы саласы мамандарының әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.