Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Алматы әкімі «Таза Қазақстан» бастамасына жастарды жұмылдыруды ұсынды
«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқанын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңесте атқарылған жұмыстардың нәтижелері, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі және алдағы уақыттағы басым бағыттар, соның ішінде тұрғындарды экологиялық акцияларға тарту мәселелерімен танысқан әкім Дархан Сатыбалды жастардың экологиялық бастамаларға көптеп қатысуына ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты. Өйткені, жастар буыны қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен тұрақты тазалық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөлге ие, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Шілде, 2025
18 жастағы маман айына 500 мың теңге табады
Кәсіптік білім алып, еңбек нарығына ерте араласқан жастардың саны артып келеді. Солардың бірі – Астанадағы кәсіптік техникалық колледждің биылғы түлегі Кирилл Савельев қаладағы белгілі асханалардың бірінде шеф-кондитер болып жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Шілде, 2025
Қытайлық хакерлер Microsoft серверін бұзды
Microsoft корпорациясы Қытаймен байланысты киберқылмыскерлердің кейбір жергілікті SharePoint серверлерін бұзып, оларды пайдаланатын ұйымдардың деректеріне қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл шабуылдар бұлттық (cloud-based) SharePoint қызметіне емес, тек жергілікті серверлерге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Шілде, 2025
Олжас Бектенов халықаралық экологиялық конференцияға қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Ясауи кесенесіндегі ақылы қызметтер бағасы өзгереді
Қазіргі таңда тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытуда музейлердің рөлі орасан. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда олардың тиімді жұмыс істеуі тек мемлекеттік қолдауға ғана емес, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін нақты тетіктерге де байланысты. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты 36 мекеменің, соның ішінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ақылы қызметтер бағасын қайта қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.