Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Медициналық мекемелер көбейіп келеді
Қарасай ауданында 47 елді мекен бар, олардың 38-інде медициналық мекемелер жұмыс істейді. Алайда 9 елді мекенде халық әлі күнге дейін тиісті медициналық қызметке қол жеткізе алмай отыр. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған 38 мекеменің 5-еуі жалға алынған ғимараттарда орналасқан, бұл олардың тиімді жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Оның ішінде 18 нысан 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған, техникалық жағдайы қазіргі талаптарға сай келмейді, күрделі жөндеуді қажет етеді.
Digital • 25 Шілде, 2025
Қазан айында 12-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады. Бағдарлама 11 бағытты қамтиды, соның ішінде генеративті ЖИ, ойын жасау, анимация, 3D моделдеу, роботтехника мен басқа да салалар бар. Мұнда әр оқушы өз қабілетін дамыта алады. Ешқандай іріктеу талаптары жоқ. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Шілде, 2025
Нейрохирургияның өркенді өрісі
Астанада нейрохирургия саласында беделді ұйым саналатын Уолтер Денди атындағы нейрохирургиялық қауымдастығының X Дүниежүзілік конгресі өтті. Жылдан-жылға елорда жаһандық диалог, білім алмасу, жаңа медициналық идеялар орталығына айналып келеді.
Спорт • 25 Шілде, 2025
Қазақстан дзюдошыларының Grand Slam-дегі алғашқы қарсыластары анықталды
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда дзюдодан беделді халықаралық турнирдің бірі Grand Slam сайыстары басталады, деп жазады Egemen.kz.