Жасанды интеллект • 25 Шілде, 2025
Ұлттық код енгізілген ЖИ жүйесі
Қазіргі таңда жасанды интеллект жүйелері қарқынды дамып жатыр. Әлем бет бұрған саланы елімізде де дамытуға ден қойылды. Отандық ІТ-мамандары мен инженерлері біраз жылдан бері еңбек етіп, алғашқы нәтижеге жетті. Енді қазақша жасанды интеллект жүйелері пайдаланушыларға қолжетімді болмақ. Оның шетелдік тілдік платформалардан артықшылығы да көп. Ең бастысы – өз жүйеміз қолданушы деректерін есте сақтамайды, қауіпсіздікті толық қамтамасыз ете алады.
Шымкент • 25 Шілде, 2025
Шымкент креативті индустрияға бет бұрды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде креативті индустрияны дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты Үкіметке, жергілікті атқарушы билікке тиісті тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының осынау тапсырмасын орындау мақсатында биыл Шымкент қаласында «Shymkent Creative Hub» креативті хабы ашылды.
Білім • 25 Шілде, 2025
Биыл елімізде төрт арнайы білім беру ұйымы ашылған
Осылайша Қазақстандағы арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жеткен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Шілде, 2025
Орман күзететін ақылды технология
Ормандарды енді қарапайым қорықшы емес, жасанды интеллект пен дрондар күзетеді. Елде ормандағы өртті ерте анықтайтын жаңа ақылды жүйе іске қосылды. Бұл жүйе түтінді алыстан байқап, нақты қай жерде өрт шыққанын автоматты түрде анықтайды және орталыққа бірден хабар береді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Шипажайға жолдама алудың тиімді тәртібі
Қазір санаторий, курортқа жолдама беру тәртібі электронды форматқа ауысқан. Цифрлық жүйеден хабары жоқ қала, ауылдың егде жастағы тұрғындары жолдама алу үшін түрлі мекемені жағалап, көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде жолдама түгесіледі. Есесіне, өтінішті бірінші болып үйден толтырғандардың бағы жанады. Сырқаттанбай тұрмайтын қариялар кейінгі жылдары осындай кедергіге кездесіп қалып жүр.