Саясат • 25 Шілде, 2025
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оның барысында сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де қаралды.
Саясат • 25 Шілде, 2025
Ілкімді бастамалар жүйелі жалғасқаны жөн
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың қатысуымен Президенттің әлеуметтік саладағы тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. Ол әлеуметтік саясат дегеніміз тек бюджет шығындарының өсу көлемі емес, адами капиталға, халықтың денсаулығына, жастардың біліміне, қоғамның тұрақтылығына бағытталған инвестициялар екенін атап өтті.
Үкімет • 25 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Оған ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік қызметі және Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері қатысты.
Айтыс • 25 Шілде, 2025
Жақында Ақтау қаласында республикалық командалық ақындар айтысының финалы өтті. Бұл шешуші сында Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Көрермен көңілін тербеген, рух пен ұлт мұратын жырмен өрген сайыста екі облыс та командалық айтыстың жеңімпазы атанды. 2024 жылдың наурыз айында шымылдығын түрген бұл ауқымды жобаның мақсаты не? Жоба ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына мұрындық бола алды ма? Осы сауалдар бойынша «Amanat» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры, айтыс жанашыры Еркебұлан Жаулыбаевпен сұхбаттасқан едік.
Ғылым • 25 Шілде, 2025
Гидрогеологиялық карталар атласы – бірегей еңбек
Бүгінде әлем жұртшылығы су тапшылығы мәселесіне қатты алаңдап отыр. Табиғи ресурстарды тиімді әрі ұқыпты пайдалану – мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының кепілі. Осы тұрғыдан алғанда, ғалымдарымыздың тың зерттеуі ел үшін ерекше маңызға ие.